​Египетте парсы дәуіріне жататын 35 мумия табылды

0
1 634

Египет археологтары қайтыс болған адамдардың денесін шірітпей сақтайтын шеберхананы тапты.


​Египетте парсы дәуіріне жататын 35 мумия табылды

Египет археологтары қайтыс болған адамдардың денесін шірітпей сақтайтын шеберхананы тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz cайтына сілтеме жасап.

Ол жер астында 30 метр тереңдікте табылды. Ғалымдар бұл жаңалық мумияның мыңдаған жыл бойы өзгеріссіз сақталғанын түсіндіруге жол ашады деп есептейді. Қазба жұмыстары кезінде тас табытқа салынып көмілген 35 мумия табылды.

Мамандар бұл мумияларды Ежелгі Египет тарихының парсы дәуіріне жатқызды. Ол біздің заманымызға дейінгі IV ғасырға сай келеді. Сол кезде Ескендір Зұлқарнайын елге шабуыл жасап, басып алған болатын.