Ең жас миллиардерді ұрлап кетті

0
1 185

Девджидің байлығын "Форбс" 1,5 млрд долларға бағалаған


Ең жас миллиардерді  ұрлап кетті

ERNUR.KZ. Африканың ең жас миллиардері Мохаммед Девджиді Танзанияның ірі қаласы Дар-эс-Саламда ұрлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Полицияның деректеріне қарағанда, 43 жастағы бизнесменді бетперде жамылған адамдар таңертеңгілік қонақ үйдің жаттығу залы маңында ұрлап кеткен.

Осы оқиғаға байланысты үш адам ұсталған. Бірақ олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы беймәлім. Алдын ала деректерге қарағанда, адам ұрлағандардың екеуі -шетелдік.

Еске сала етсек, "Форбс" журналы Девджидің байлығын 1,5 млрд долларға бағалаған. Оны Танзанияның жалғыз миллиардері деп есептейді.