Енді итті пультпен басқаруға болады - видео

0
867

Жаңа құрылғының арқасында ит айтқанды бұлжытпай орындайтын болады.


Енді итті пультпен басқаруға болады - видео

ERNUR.KZ. Израильдік өнертапқыштар итті пультпен басқара алатын жаңа құрылғы ойлап тапты, деп жазады sputniknews.kz.

Итке арнайы жилет кигізеді. Бұл жилетке жұмсақ қадауыштары бар мотор орнатылған. Ал адам пульттің көмегімен сигналдар жіберіп отырады

Жаңа туындыны сынақтан өткізу үшін Израиль инженерлері қолға үйретуге икемді итті таңдап алыпты.

Пультпен басқару былайша жүзеге асады: сигнал пульт арқылы беріледі, әр әмірдің өзіндік вибрация тізбегі бар. Ит осы комбинацияны жадында сақтап, орындап отырады.

Жаңа құрылғының арқасында ит айтқанды бұлжытпай орындайтын болады, деп сендірді өнертапқыштар.