Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті

0
1 011

46 жастағы енесіне адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айып тағылды.


Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті

ERNUR.KZ. Тәжікстанда енесінің қорлығына төзе алмаған келін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп жазады sputniknews.kz.

46 жастағы әйел баласы үйленгелі келініне күн көрсетпеген. Ол бір жыл бойы қызды кемсітіп, қорлап келген.

"Әйел келінінің намысына тиіп, қатыгездік танытқан. Мұндайға төзе алмаған келіншек өз-өзіне қол жұмсаудан басқа шешім таппаған", - деп жазылған хабарламада.

Келіншек үйден шығып, көпірден өзенге секіріп кеткен. Алайда өтіп бара жатқан адам құтқарып алыпты. Енесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.