Ер адам қорықтағы аюдың тілін тістеп алды

0
1 001

29 жастағы Николай Игрит достарымен Хутинский қорығына бұғы мүйізін жинауға барған.


Ер адам қорықтағы аюдың тілін тістеп алды

ERNUR.KZ. Ресейде аюмен арпалысқан Тува қаласының тұрғыны Кызыл ауруханасына ауыр жағдайда түсті, деп жазады sn.kz.

29 жастағы Николай Игрит достарымен Хутинский қорығына бұғы мүйізін жинауға барған. Алайда жас жігіт үшін бұл жорық ақтық сапарға айнала жаздаған. Бірнеше адамнан құралған топ жан-жаққа бөлінген соң, Николай жабайы аюға тап болған.

Алдымен, Николай жыртқышты айқайлап қуған. Николай өзіне шабуыл жасаған аюдың тілін тістеп алған. Содан соң, жабайы жануар қашып кеткен.

Жас жігіттің жан даусын естіген достары тез жетіп, жедел-жәрдем шақырған. Ер адам бас және дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.