Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

0
1 181

Жан ұшыра айғайлаған келіншектің даусын естіген көршісі көмекке жүгірген


Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда ер адам үйлену тойынан кейін 10 күн өткен соң әйелін көк ала қойдай етіп сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 28 мамыр күні Самарқан облысының Булунгур қаласында болған.

Зухра Омарованың айтуынша, күйеуі балмұздақ аламын деп дүкенге шығып кеткен, алайда үйге мас болып келіп, жанжал шығарыпты. Содан кейін үйінің есігін жауып, әйелін есінен танғанша ұрып-соққан.

Жан ұшыра айғайлаған келіншектің даусын естіген көршісі көмекке жүгіріп келген. Зухраның басы жарылып, денесі көгеріп кеткен. Ер адам бірден оны жансақтау бөліміне жеткізді.

Омарова құқық қорғау органдары медициналық сараптама "тым қымбат" деген желеумен оны өткізбеуге кеңес бергенін айтып шағымданды.

Алайда Самарқан облысының әйелдер комитеті іске араласып, сараптама өткізуге көндірген. Ішкі істер органдары Омарованың арызы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр екен. Комитеттің мәліметінше, қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, жақын арада кінәлі ер адам қамауға алынады.

Бұған дейін әйелдер комитеті облыстық денсаулық сақтау басқармасына ішімдікке тәуелді азаматтардың тізімін берген. Олардың арасында Зухра Омарованың күйеуі де бар екен.