Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен кейін түрік лирасы құлдырады

0
579

Ақша-несие саясатына өзіндік көзқарасы бар Ердоғанның президенттік сайлаудағы жеңісі Түркияның ұлттық валютасы әсер етті.


Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен кейін түрік лирасы құлдырады

ERNUR.KZ. Президенттік сайлауда Режеп Тайып Ердоғанның жеңісінен кейін Түрік лирасы құлдырауды жалғастырды және 29 мамыр күні таңертең бір доллар үшін 20,05 лира деңгейінде рекордтық көрсеткішке жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Лираның долларға шаққандағы бағамы сайлау алдындағы жұмадағы сауда-саттықтың жабылу көрсеткішімен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеді.

Morgan Stanley банкі, егер Ердоған ақша - несие саясатын өзгертпесе, жыл соңына қарай лира бағамы 29 пайызға - бір долларға 28 лираға дейін төмендеуі мүмкін екенін ескертеді, деп жазады Bloomberg агенттігі. Wells Fargo & Co. тоқсанның соңына қарай түрік валютасының бағамы бір доллар үшін 23 лира деңгейіне жетеді деп күтеді.

"Ердоғанның жеңісі бірде-бір шетелдік инвесторға ұнамайды. Инфляция өте жоғары, пайыздық мөлшерлемелер өте төмен және таза валюта резервтері болмаған жағдайда барлық активтерге әсер ететін ауыр дағдарыс болуы мүмкін", - деді Tellimer стратегі Хаснайн Малик Bloomberg-ке.