Есігін аша алмаған: Ойнап жүрген екі бала тоңазытқыштың ішінде қалып көз жұмды

0
1 458

Қайтыс болған бүлдіршіндер бір отбасының балалары.


Есігін аша алмаған: Ойнап жүрген екі бала тоңазытқыштың ішінде қалып көз жұмды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Михайловка ауылында қайғылы оқиға болды, деп жазады stan.kz.

Төрт және алты жасар бауырлар тоңазытқыш ішінде қалып көз жұмған.

Ата-анасы балаларын жергілікті уақыт бойынша сағат 11.55 шамасында іздей бастады, бірақ оларды бес сағаттан кейін ғана тапты. Екі бала үйдің ауласында тұрған ескі тоңазытқыштан табылды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, балалар тығылмақ ойынын ойнап жүріп тоңазытқышқа кіріп алған. Тоңазытқыштың есігі жабылып, ішінен ашылмай қалған.

Қайғылы оқиға 3 маусымда болған.