​ЕСКЕРТУ: Бүгіннен бастап Интернет 48 сағат бойы жұмыс істемей қалуы мүмкін

0
2 505

Мұның себебі - крипторграфиялық кілтті ауыстыруға байланысты.


​ЕСКЕРТУ: Бүгіннен бастап Интернет 48 сағат бойы жұмыс істемей қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Әлем бойынша қолданушылар бүгін, яғни, 11 қазанда интернеттің жұмысында ақау пайда болып, қызметінде олқылықтар болуы мүмкіндігін күтуде.

Мұның себебі – ICANN корпорациясының (домендік атаулар, ip-адрестер мен басқа да интернет қызметтерін бақылайтын халықаралық коммерциялық емес ұйым) криптографиялық кілтті ауыстыруына байланысты.

Mobile Research Group сарапшысы Эльдар Муртазиннің айтуынша, интернет жұмысында алдағы 48 сағат бойына кедергілер болуы мүмкін. Жекелей алғанда, кейбір ресурстардың ғаламторға қол жеткізуге рұқсат алуында мәселелер туындауы ықтимал.

Сонымен қатар, іздеген парақшалар ұзақ жүтеліп, ашылуына біршама уақыт кетуі де мүмкін.

Алдын ала жасалған тест нәтижесі кілтті ауыстырғанда анау айтқандай қиындық туғызбауы тиіс.

Айта кетерлігі, кілтті жаңарту жұмысы 2010 жылдан бері бірінші рет болғалы тұр.

дереккөз: life.ru