Эстония ғалымдары коронавирустың барлық штамына қарсы спрей жасады

0
304

Мұрынға арналған спрейді дамыту және сату үшін консорциум құрылды.


Эстония ғалымдары коронавирустың барлық штамына қарсы спрей жасады

ERNUR.KZ. Эстония ғалымдары коронавирустың барлық штамынан қорғайтын спрей жасағанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Icosagen гендік инженерия компаниясының ғылыми директоры Март Устав зертханалық зерттеулер BioBlock деп аталатын мұрынға арналған спрей коронавирустың барлық штамына, соның ішінде "дельта" штамына қарсы жасалғанын мәлімдеді.

"Біз командамен вирустың таралу деңгейін үнемі бақылап отырамыз. BioBlock мұрынға арналған спрейінде әлі кең таралмаған штамдарды да жою қабілетінің барын тексереміз", - деді Март Устав.

Bioblock-ты дамыту және сату үшін консорциум құрылды, оған Chemi-Pharm, Icosagen, Тарту университеті, Эстония жаратылыстану университеті және OÜ Teadus ja Tegu ғалымдары мен мамандары кірді. Өнім технологиясы патенттелген.

Бұған дейін Гарвард университеті мен Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары 90 минут ішінде COVID-19 диагнозын қоюға мүмкіндік беретін қорғаныс маскасын жасаған. Прототип миниатюралық сенсорлармен жабдықталған, олармен тек короновирус емес әртүрлі бактерияларды анықтауға болады.