Еуроодақ 15 маусымнан кейін шекара ашуды жоспарлап отыр

0
919

Еуропадағы және әлемдегі жағдай тұрақсыз болып қала береді.


Еуроодақ 15 маусымнан кейін шекара ашуды жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Үшінші елдерден Еуроодаққа кіруге уақытша шектеулер 15 маусымға дейін ұзартылуы мүмкін. Мұндай ұсынымды Еурокомиссия Шенген аймағындағы елдерге берді, деп жазады baq.kz.

Басылымның мәліметтері бойынша, коронавирус инфекцияның пандемиясына байланысты саяхат жасауға тыйым салынған.

"ЕО-ның кейбір мемлекеті және Шенген аймағымен байланысты пандемияның таралуына қарсы күрес шараларын жеңілдету бойынша дайындық қадамдарын қабылдай бастаса да, Еуропадағы және әлемдегі жағдай тұрақсыз болып қала береді", - деп атап өтті Еурокомиссияда.

Сонымен қатар, ЕО атқарушы органында одақ құрамындағы елдеріне сыртқы шекараларға кіру шектеулерін ұзарту керек екенін айтты.

"Біз сыртқы шекараларда шектеулерді алып тастамай тұрып, резидент еместерге ЕО-ға кіруге кепілдік бермес бұрын ішкі шекараларда еркін жүріп-тұруға және бақылауға қойылған шектеулерді бірте-бірте алып тастау керек", - деп мәлімдеді ішкі істер жөніндегі еурокомиссар Ильва Йоханссон.

Айта кеткен жөн, ұсыныс 30 елге арналған. Яғни, Шенген аймағының 26 мүшесі, сондай-ақ онымен байланысты төрт ел: Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария.