Еуропа шекаралары қыркүйекке дейін жабық болуы мүмкін

0
697

Қазір әлемде 1,7 миллионнан астам адам коронавирус індетін жұқтырды.


Еуропа шекаралары қыркүйекке дейін жабық болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон кәсіподақ жетекшілерімен болған жабық бейнеконференция барысында шекара мәселесіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Еуропа мен әлем елдеріндегі карантин кезеңдері мен індеттің таралуының айырмашылығы елдер арасында еркін жүріп-тұруды қауіпті етуде.

«Шенген аймағының сыртқы шекарасы қазір жабық. Америкада аурудың өсуіне және Африкада инфекцияның тарала басталуына тоқталған Франция президенті, Еуропа елдері арасындағы шекарамен қоса сыртқы шекараны да кем дегенде қыркүйекке дейін жабу туралы айтты. 13 сәуір күні президент отандастарына үндеу жолдап, қандай шешім қабылданатыны белгілі болады», – дейді ресейлік басылым.

Айта кетсек, COVID-19 пандемиясы салдарынан әлемнің барлық елінде шетелдіктерге кіруге тыйым салынған.

ЕО мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары наурыз айында Еуропалық Одақтан тыс елдердің азаматтарына аймаққа кіруді тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған еді. Қазір әлемде 1,7 миллионнан астам адам коронавирус індетін жұқтырды.