Еуропада коронавирустан бірінші адам қайтыс болды

0
747

Қытайда ауру жұқтырғандар саны 66,4 мың адамнан асты, 1523 адам көз жұмды, сонымен қатар, Қытайдан тыс жерлерде 500-ден астам адам жұқтырды.


Еуропада коронавирустан бірінші адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қытайлық 80 жастағы турист Францияда коронавирустан көз жұмды, бұл Еуропада тіркелген алғашқы өлім, деп жазады tengrinews.kz.

"Әңгіме 16 қаңтарда Хубэй провинциясынан Францияға келген қытайлық турис жайлы. Ол Bichat ауруханасына жеткізіліп, 25 қаңтарда оны оқшаулау бойынша қатаң шаралар қабылданды. Қарт кісінің жағдайы тез нашарлап, бірнеше күн жансақтау бөлімінде болған", - деп мәлімдеді Францияның денсаулық сақтау министрі Аньес Бузен.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) Ухань қаласында елдің орталық бөлігінде (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы ақпаратты хабардар еткен.

Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтап, ол коронавирус 2019-nCoV болып шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялап, инфекцияға COVID-2019 ресми атауын берді. Қытайда ауру жұқтырғандар саны 66,4 мың адамнан асты, 1523 адам көз жұмды, сонымен қатар, Қытайдан тыс жерлерде 500-ден астам адам жұқтырды.