Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 MАХ ұшағын пайдалануға тыйым салынды

0
1 049

Boeing ұшағының барлық түрлерін, 737-8 MAX және 737-9 MAX ұшақтарының Еуропа аумағынан ұшуына тыйым салды.


Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 MАХ ұшағын пайдалануға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 Max ұшақтарының ұшуына тыйым салды. Бұған тап осы ұшақ үлгісінің Эфиопияда апатқа ұшырауы себеп болып отыр. Бұл туралы ақпарат агенттіктің сайтында сейсенбі күні жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Эфиопия әуе жолдары» әуе компаниясының Boeing 737 MAX 8 ұшағымен келе жатқан ET302 рейсі қайғылы жағдайға ұшыраған соң Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қарастыруда»,-делінген хабарламада.

Қауіптің алдын алу шарасы ретінде агенттік ұшақтардың ұшу сапасына қатысты Директиваны жария етіп, Boeing ұшағының барлық түрлерін, 737-8 MAX және 737-9 MAX ұшақтарының Еуропа аумағынан ұшуына тыйым салды. Бұған қоса реттеуші қауіпсіздік бойынша Директиваны жария етті. Оның талаптары бойынша, үшінші елдердің Boeing ұшақтарымен ЕО-ның ішінен болмаса оның маңынан өтетін барлық коммерциялық рейстеріне тыйым салынады.

Айта кетейік, 10 наурыз күні Эфиопоияда «Эфиопия әуе жолдары» авиакомпаниясының Найробиге (Кения) ұшып бара жатқан Boeing 737 Max ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 149 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы да мерт болды. Апатың себебі әзірге белгісіз.