Еуропаның үш елі Қытай туристеріне шектеу енгізді

0
761

Қос ел Қытайдан табан тірейтін саяхатшылардан ПТР тесттің теріс нәтижесін немесе вакцина сертификатын талап ете бастады.


Еуропаның үш елі Қытай туристеріне шектеу енгізді
ERNUR.KZ. Қытайда коронавирус өршігелі Еуропа елдері осы мемлекеттен келетін туристерге ережені қайта күшейтті. Қарт құрлықта алғашқылардың бірі болып шектеу енгізген Италия мен Испания, деп жазады zakon.kz.

Қос ел Қытайдан табан тірейтін саяхатшылардан ПТР тесттің теріс нәтижесін немесе вакцина сертификатын талап ете бастады.

Дәл осындай ереже ертеңнен бастап Францияда да күшіне енеді. Аспан асты елінің азаматтары Франция әуежайында қосымша экпресс-тест тапсыруға міндетті. Еуропалық Одақ Қытай үкіметіне індетпен күресуге өз көмегін ұсынды.

ЕуроОдақтың денсаулық сақтау жөніндегі комиссары Кириакидес Қытай билігіне індетпен күресте ЕуроОдақ өз тәжірибесімен бөлісуге және қажетті вакцинаны тегін жіберуге дайын екенін ұсынды. Тим Макфи, Еуропалық комиссияның ресми өкілі