"Евровидение 2023" байқауында швед әншісі Лорин жеңіске жетті

0
602

Екінші орынды 526 балмен фин әншісі иеленді.


ERNUR.KZ. 38 елдің көрермендерінің дауыс беру нәтижесі бойынша швед әншісі Лорин "Евровидение-2023" байқауының жеңімпазы атанды, деп жазады sputnik.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Швеция өкілі 583 балл жинаған. Екінші орынды 526 балмен фин әншісі Кяарийя иеленсе, үшінші орынды Израиль әншісі Ноа Кирель (362 балл) қанағат тұтты.
Конкурс Ливерпульде өтті. Ережеге сәйкес, байқауды өткен жылғы жеңімпаз ел ұйымдастырады, алайда Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) қауіпсіздік мақсатында "Евровидение 2023" байқауын Украинадан Ұлыбританияға көшіру туралы шешім қабылдады.
Украина өкілі – Tvorchi тобы бірден жарыстың финалына шықты. Ол 243 балмен алтыншы орынға жайғасты.
Лорин бұл конкурсты екінші рет жеңіп алып отыр – ол алғаш рет "Евровидениенің" бас жүлдесін 2012 жылы иеленді.