Facebook Instagram мен WhatsApp атауын өзгертеді

0
843

Марк Цукерберг негізін қалаған Facebook компаниясы өзінің екі басты активі – Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджерінің атын өзгертеді.


Facebook  Instagram мен WhatsApp атауын өзгертеді

ERNUR.KZ. Facebook компаниясы Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджеріне қосымша атау береді, деп жазады ca-news.org.

Бұл туралы Facebook компаниясының өкілі Берти Томсон хабарлаған.

«Біз Facebook-тің құрамдас платформаларының атауын нақтылап көрсеткіміз келеді», - деді компания өкілі Берти Томсон.

Компания өкілінің айтуы бойынша жаңа атаулар қосымшалармен қатар Сoogle Play и Apple қосымшасында да өзгеретін болады. Мобильді құрылғылардың экранында атау бұрынғы қалпында қала береді.

Facebook Instagram желісіне 2012 жылы, ал WhatsApp-қа 2014 жылы ие болған еді.