Facebook: Қайтыс болғандардың профилінде арнайы белгі болады

0
953

Осылайша Facebook жақындарының рухын сыйлайтын орын болып қалады.


Facebook: Қайтыс болғандардың профилінде арнайы белгі болады

ERNUR.KZ. Facebook қайтыс болған адамдардың аккаунттарынан келетін хабарламалар мен ескертулердің тарап кетуін болдырмау мақсатында жасанды интеллект жүйесін қолданатынын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

ВВС басылымының жазуынша, осылайша компания о дүниеге аттанғандарды туған күнімен құттықтау немесе белгілі бір шараға шақыру туралы хабарламалар легін тоқтатып, жақындарының жүрегін ауыртпайтын болады.

«Facebook-те енді қайтыс болған адамдардың профилінде арнайы белгі болады. Осылайша Facebook жақындарының рухын сыйлайтын орын болып қала береді», - дейді Facebook компаниясының операциялық директоры Шерил Сэндберг.