Facebook компаниясына 5 млрд доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

0
619

Жуырда компанияның негізін қалаушы Марк Цукенберг Сенатта кешірім сұрады.


Facebook компаниясына 5 млрд доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ Facebook-тіңнегізін қалаған Марк Цукербергтың компаниясына 5 млрд доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп жазады «Хабар 24».

Оған желі қолданушыларының жеке мәліметтерінің таралуы себеп болды. Айыппұл көлемін АҚШ-тың Федералды сауда коммиссиясы анықтады. Енді бұл шешімді АҚШ-тың әділет министрлігі мақұлдауы тиіс.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың сәуір айында Facebook компаниясы мәліметтерді қорғау заңын бұзды деп айыпталған болатын.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жуырда компанияның негізін қалаушы Марк Цукенберг Сенатта кеткен қателік үшін кешірім сұрады.