Facebook тікелей эфирінде сүйіктісін атып тастады

0
1 305

Достар Девин Холмс, Кадиллак Коулеман және Кассандра Дэмпер Хьюстонға аттанған. Кешкі уақытта олар жанармай құю бекетінде сәл демалып алғысы келіп, тікелей эфир қосқан. Кассандра көлік салонынан тапанша тауып алып, достарының ескертуіне құлақ аспай, шүріппені басып қалған.


Facebook тікелей эфирінде сүйіктісін атып тастады

АҚШ-та Facebook-трансляция жүргізіп отырған қыз сүйіктісін атып жіберді. Оқиға 31 наурызда Техас штатындағы Хьюстонда болған, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Достар Девин Холмс, Кадиллак Коулеман және Кассандра Дэмпер Хьюстонға аттанған. Кешкі уақытта олар жанармай құю бекетінде сәл демалып алғысы келіп, тікелей эфир қосқан. Кассандра көлік салонынан тапанша тауып алып, достарының ескертуіне құлақ аспай, шүріппені басып қалған.

Оқ Холмстың басына дәл тиген. Осыдан кейін қалған екеуі шошып, көліктен түсіп қашады. Оқ тиген жігіт аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр екен. Полиция зардап шеккен жігіттің достарынан жауап алыпты. Оқиғаға байланысты әлі де тергеу жұмыстары жүргізілуде.