Ферғанадан Ресейге көкөністің барлық түрін жеткізуге рұқсат берілді

0
1 342

Осыған дейін Ресейге Ферғанада өсірілген қызанақ пен бұрыш экспорттауға тыйым салынған еді.


Ферғанадан Ресейге көкөністің барлық түрін жеткізуге рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Ресейдің ветеринария және фитосанитария бақылауы жөніндегі федералдық қызметі Ферғана облысына көкөністің барлық түрін экспорттауға рұқсат берді, деп жазады centralasian.org.

Федералдық қызметтің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, 7 сәуірден бастап, Өзбекстан үкіметінің кепілдігімен, Ферғанада өсірілетін көкөністердің барлық түрін кіргізуге рұқсат берілді.

Осыған дейін Ресейге Ферғанада өсірілген қызанақ пен бұрыш экспорттауға тыйым салынған еді.

Мұндай тыйым былтыр 26 қарашада қабылданған. 2020 жылдың 11 желтоқсанында кептірілген өрікті Ресейге шығаруға тыйым салынған.