Forbes ең бай танымал адамдар тізімін жариялады

0
942

2019 жылғы тізімнің басында британдық әнші әрі актриса Тейлор Свифт тұр.


Forbes ең бай танымал адамдар тізімін жариялады

ERNUR.KZ. Америкалық Forbes журналы табысы көп танымал 100 адамның жыл сайынғы тізімін жариялады, деп жазады azattyq.org.

2019 жылғы тізімнің басында британдық әнші әрі актриса Тейлор Свифт тұр. Оның салықты есептемегендегі бір жылғы табысы 185 миллион долларды құраған.

Екінші орында - америкалық актриса Ким Кардашьянның сіңлісі әрі «Кардашьян отбасы» атты реалити-шоудың қатысушысы Кайли Дженнер тұр. Дженнердің табысы 170 миллион доллар деп көрсетілген.

Үшінші орында - табысы 150 миллион долларды құраған рэпер Канье Уэст, төртінші орында футболист Лионель Месси тұр. «Барселона» ойыншысы былтыр 127 миллион доллар табыс тапқан. Бесінші орынды британдық әнші Эд Ширан иеленген. Басылым оның табысын 110 миллион доллар деп жазады.