Францияда медициналық құрал-жабдықтар 3D принтермен шығарыла бастады

0
715

Аппарат індетпен күреске қажетті заттарды тез кескіндеп және көп мөлшерде шығаруға мүмкіндік береді екен.


Францияда медициналық құрал-жабдықтар 3D принтермен шығарыла бастады

ERNUR.KZ. Париж ауруханаларының бірі медициналық құрал-жабдық тапшылығымен күресу үшін 3D принтерді пайдалана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін емдеу орталығында 60-тан астам 3D принтері орнатылған. Олар науқастың дем алуына қажетті жабдықтар мен бетперде, көзілдірік шығаруға қолданылуда. Мамандар мұндай аппарат індетпен күреске қажетті заттарды тез кескіндеп және көп мөлшерде шығаруға мүмкіндік береді дейді. Марсель қаласындағы университеттің бірі де осындай әдіске көшкен. Онда 3D принтері арқылы медициналық қорғану киімдерін дайындау қолға алған.