Францияда өрт сөндіруші орманға от қойған

0
669

Ол отбасындағы күйбең тіршіліктен шаршап, өрт сөндіріп адреналин алғысы келгенін айтқан. Қазір өрт сөндіруші ұсталған.


Францияда өрт сөндіруші орманға от қойған

ERNUR.KZ. Чехия мен Германия шекарасындағы алапат орман өрті «Чех Швейцариясы» ұлттық паркіне едәуір шығын келтірген. Жақын ауылдардан 500 адам эвакуацияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өрт өткен демалыста басталған. Жалынды ауыздықтағандай болып еді, алайда бейсенбі күні қайта өршіді.

Шекаралас екі елдің жүздеген өрт сөндірушілері тілсіз жаумен күресіп жатыр, оларға көршілес Польша мен Словакиядан әріптестері көмекке келген.

Италиядан да екі өрт сөндіру ұшағы келіп жеткен.

Франциядағы БАҚ-тың хабарлауынша, өрт сөндіруші волонтерлердің бірі Эро ауданында қасақана өрт шығарғанын мойындаған.

Ол отбасындағы күйбең тіршіліктен шаршап, өрт сөндіріп адреналин алғысы келгенін айтқан. Қазір өрт сөндіруші ұсталған.

Францияның оңтүстік-шығысындағы Ардеште өрт сөндірушілер жалынмен күресті жалғастырып жатыр.

«Бұндай ауқымды өртті біз көп жылдан бері көрмеген едік», - деді өрттен ең көп зардап шеккен Луссаса қаласының мэрі.

«1200 гектар орманды жойып жіберген жалынмен күресіп жатырмыз, бүгін таңертең оны ауыздықтадық», – деді SDIS Ardèche апаттық операциялары басқарушы Жан-Филипп Ладе.