Францияда үш эпидемия бірден басталуы мүмкін

0
775

Le Figaro басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Франциядан тұмау эпидемиясы әдеттегіден ерте орын алған.


Францияда үш эпидемия бірден басталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Францияда коронавирус, тұмау және бронхиолитпен бір уақытта ауыратын «үштік эпидемия» басталуы мүмкін, деп жазады BAQ.KZ.

Le Figaro басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Франциядан тұмау эпидемиясы әдеттегіден ерте орын алған. Ол COVID-19-дың жаңа толқыны және соңғы 10 жылда балалар арасында бронхиолитпен аурудың рекордтық деңгейімен тұспа-тұс келді.

Францияда эпидемиямен күресу үшін профилактикалық қор бар. Дегенмен үш эпидемиямен бірдеу күресу денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай соққы беруі мүмкін.

Елдің эпидемиологтары үш эпидемияның қай кезде шарықтау шегіне жететінін дөп басып айта алмаса да, жаңа жылдық мерекелерді тойлау кезінде сақ болуға шақырды.