Францияда жолаушылар маска киюді талап еткен автобус жүргізушісін өлтірді

0
664

Жүргізуші жолаушыларға ескерту жасайды.


Францияда жолаушылар маска киюді талап еткен автобус жүргізушісін өлтірді

ERNUR.KZ. Францияда автобус жолаушылары маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып өлтірді, деп хабарлайды Хабар24.

Le Parisien сайтының мәліметі бойынша оқиға Байонна қаласында болған.

58 жастағы Филипп Монгильо есімді жүргізуші автобусқа кіріп келген 5 адамнан тұратын топтан маска киюді талап еткен. Олар маска киюден бас тартып қана қоймай, жүргізушіге билеттерін де көрсетпеген.

Жүргізуші оларға ескерту жасайды. Нәтижесінде олардың арасында жанжал туып, оқиға жүргізушіні өлтірумен аяқталады.