Франциялық әйел дүниеге бірден алты бала әкелді

0
891

Әйелдің егіздерден басқа тағы екі баласы бар.


Франциялық әйел дүниеге бірден алты бала әкелді

иллюстрациялық фото

Францияда соңғы 30 жылда алғаш рет жүкті әйел бірден 6 баланы дүниеге әкелді. Дүние есігін бірге ашқан егіздердің бесеуі қыз және біреуі ұл бала, деп хабарлайды ERNUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Балалар кесар тілігі арқылы жүктіліктің 25-ші аптасында дүниеге келді. Олардың салмағы 630-дан 730 грамға дейінгі аралықта. Әйелдің егіздерден басқа тағы екі баласы бар.

Сәбилер дүниеге аман-есен келу үшін әйелді босандыруға 30 маманнан тұратын команда жұмылған. Сәбилер неонаталды реанимацияға орналастырылған. Олар бірнеше айын ауруханада өткізеді.

Алты баланың бірден тууы - әлемде сирек кездесетін жағдай. Орташа есеппен алғанда 4,7 миллиард әйелдің біреуі ғана босанады. Мұндай жағдай Францияда 30 жылдан астам уақыт бұрын, 1989 жылы Париж ауруханасында орын алған.