​Гаага қаласында қазақ бишілері Қара жорға биін паш етті

0
1 510

Биыл аталмыш шараға Голландияның әкімшілік қаласында орналасқан алпысқа тарта елшілік қатысуда.


​Гаага қаласында қазақ бишілері Қара жорға биін паш етті

ERNUR.KZ. Гаага қаласында шаһар муниципалитетінің ұйымдастыруымен және шетелдік дипломатиялық миссиялардың қолдауымен алтыншы халықаралық «Embassy Festival-2018» туристік фестивалі өтіп жатыр. Биыл аталмыш шараға Голландияның әкімшілік қаласында орналасқан алпысқа тарта елшілік қатысуда, деп жазады ҚазАқпарат.

Жыл сайын өткізілетін фестиваль бұл күнде қаланың өзіндік қолтаңбасына, ерекшелігіне, өрнегіне айналған. Ал оған қатысушы шетелдік миссиялардың саны жыл санап артып келеді. Фестивальдің жыл сайынғы бағдарламасына тегін шеберлік сабақтары, әлемге әйгілі әншілердің өнер көрсетуі, әлемдік ас мәзірінің дегустациясы, поп, джаз, халықтық және классикалық әндер енетін ерекше музыкалық бағдарлама, ұлттық костюмдермен фото түсіру шаралары енеді.