​Галстук тақпаған оқушыларды жазалаған ұстаз жұмыстан шығарылды (видео)

0
1 809


​Галстук тақпаған оқушыларды жазалаған ұстаз жұмыстан шығарылды (видео)

ERNUR.KZ. 13 қарашада Бұхара инженерлік-технологиялық институтының 59 жастағы ұстазы Рамазан Мухиддинов жұмыстан шығарылды. Бұған ұстаздың студентті ұруы себеп болған. Видео әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.


Әлеуметтік желілерде соңғы екі күнде Бұхарадағы жоғарғы оқу орнында мұғалімнің студентті ұрғаны түсірілген видео қызу талқыланды. Ұстаз сапта тұрған жас жігіттерге қол жұмсаған. Бірінің ішінен ұрса, екіншісін шапалақпен салып қалған. Ол студенттерді "текелер" деп балағаттаған.

Бұл видео 6 наурызда түсірілгені, мұғалімнің Рамазан Мухиддинов екені анықталды.

Институт студенттерінің бірі бұл оқиғаны телефонға түсіріп алған. Бірақ видеоны әлеуметтік желіге сегіз айдан соң салған. Мухиддинов студенттерді галстук тақпай келгені үшін ұрған.

Институт басшылығы жұмыс тобын құрып, оқиғаны зерттеген. Видео әлеуметтік желіде жарияланған күннің ертесінен Мухиддинов өз еркімен жұмыстан кететіні туралы арыз жазған.