Гарри ханзада мен Меган Маркл патшалықтағы өкілеттіліктерінен бас тартты

0
773

Олар Ұлыбритания мен АҚШ-та да тұруды жоспарлауда.


Гарри ханзада мен Меган Маркл патшалықтағы өкілеттіліктерінен бас тартты

ERNUR.KZ. Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның әйелі Меган Маркл патша отбасының аға мүшелері ретінде отставкаға кетуге дайын екендіктерін Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елизавета II-нің немересі және оның әйелі патша отбасындағы өз өкілеттіктерін тоқтатып, қаржылық артықшылықтарынан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Бұл шешімді бірнеше айдан бері ойланып талқылаудың нәтижесінде қабылдағандарын айтты.

Патша отбасының аға мүшелерінің міндеттерін орындаудан бас тартқан Гарри мен Меган мәртебелі ханшайымдарына қолдау көрсетуді тоқтатпайтындарын жеткізді.

Олар Ұлыбритания мен АҚШ-та да тұруды жоспарлауда. Олардың пікірінше, мұндай географиялық тепе-теңдік жаңа қайырымдылық ұйымын ашуға мүмкіндік береді.