Генерал Сулейманиді жерлеу рәсімінде 35 адам тапталып өлді

0
808

Ирандық генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі оның туған қаласы Керманда 7 қаңтарда таңғы уақытта басталды.


Генерал Сулейманиді жерлеу рәсімінде 35 адам тапталып өлді

ERNUR.KZ. Иранның Керман қаласында генерал Касем Сулейманиді ақтық сапарға шығарып салу кезінде 35 адам қаза тауып, 48 адам зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өкінішке орай, жерлеу рәсімі кезінде қатысушылардың жаппай жиналуына байланысты бірнеше адам қаза тауып, біршамасы зардап шеті. Оларды ауруханаға жеткізді», - деді жедел жәрдем қызметінің басшысы Пир Хосейн Куливанд.

Куливандтың айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қосымша ақпарат тергеуден кейін жарияланады.

3 қаңтарда АҚШ Бағдад халықаралық әуежайы аумағында Сулеймани мен Ирак шиит жасағы басшысының орынбасары Абу Махди аль-Мухандиске қарсы операция жүргізді. Вашингтон оларды 2019 жылы 31 желтоқсанда Бағдад қаласындағы американдық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп отыр. Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеи Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді.