Германия дүкендерінде коронавирусты анықтайтын экспресс-тест сатыла бастады

0
2 667

Бағасы - 25 еуро (шамамен 12 500 теңге).


Германия дүкендерінде коронавирусты анықтайтын экспресс-тест сатыла бастады

ERNUR.KZ. Германиядағы ірі дүкендер желісінің бірінде коронавирусқа қарсы экспресс-тест сатыла бастады, деп хабарлайды Хабар24.

Бір қорапта 5 тест бар. Бағасы - 25 еуро (шамамен 12 500 теңге). Әр адам бір ғана қорап ала алады.
Үкімет бұл шара елдегі індетке қарсы шектеулерді бәсеңдетуге көмектесетінін айтады. Германияда карантин наурыздың 28-іне дейін ұзартылған. Бірақ әр аймақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты тыйымдарды жеңілдете алады.

"Мен дүкенде экспресс-тест сатылып жатқанын естіп, оны бірден алуды шештім. Бұл өзіңнің вирус жұқтырғаныңды тез анықтап, тиіс шаралар қабылдауға көмектеседі", - дейді жергілікті тұрғын Кристиан Коул.

Айта кетейік, Германия коронавирус жұқтырғандар саны бойын 10-орында: пандемия басталғалы елде 2,5 миллион адамнан коронавирус анықталып, оның 2,3 миллион аурудан айыққан. Жалпы 72 470 адам қайтыс болған.