Германия үш атом электр стансасын жапты

0
512

Германиядағы атом электр стансаларының жұмысын тоқтату туралы шешім 2011 жылы Жапонияның Фукусима атом электр стансасындағы апаттан кейін қабылданған болатын.


Германия үш атом электр стансасын жапты

ERNUR.KZ. Жылдың соңына қарай Германияда ядролық энергиядан бас тартудың жаңа кезеңіне өтті. 31 желтоқсанда елдің солтүстігінде орналасқан Брокдорф атом электр станциясын қоса алғанда, үш атом электр стансасы өшірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Германиядағы атом электр стансаларының жұмысын тоқтату туралы шешім 2011 жылы Жапонияның Фукусима атом электр стансасындағы апаттан кейін қабылданған болатын. Бундестагта дауыс беру кезінде бұл бастаманы 600 депутаттың 513-і қолдады. Ең ескі реакторлар бірден тоқтатылды, ал қалған тоғызын кезең-кезеңімен жабу туралы шешім қабылданды.

Биыл электр қуатын өндіруді тоқтататын Бавария, Төменгі Саксония және Шлезвиг-Гольштейнде орналасқан үш атом электр стансасынан кейін қалған үш атом электр стансасы келесі жылдың соңына дейін жабылады.

АЭС-ті тоқтатуға байланысты жұмыстар тағы бірнеше жыл жалғасады. Бұл ретте ел жаңартылған энергия көздеріне көбірек көшуді жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай электр энергиясының 80%-ы жел турбиналары, күн батареялары немесе биогаз қондырғылары арқылы өндіріледі деп болжануда.