Германияда COVID-19-ға қарсы вакцина адам ағзасында сынамадан өткізіледі

0
771

Бастапқы кезеңде тестілеуге 18 ден 55 жасқа дейінгі 200 сау адам қатысады.


Германияда COVID-19-ға қарсы вакцина адам ағзасында сынамадан өткізіледі

ERNUR.KZ. Вакциналар мен биомедициналық препараттар неміс федералды институты PEI (Пауль Эрлих институты) COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаны клиникалық тестілеуге алғашқы рұқсатты берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кету керек, бүгінде бұл – клиникалық сынақтарды жүргізуге рұқсат алған әлемдегі төртінші вакцина.

Бастапқы кезеңде тестілеуге 18 ден 55 жасқа дейінгі 200 сау адам қатысады. Олар препараттың әртүрлі дозаларын алатыны туралы хабарланған. Сынаманың екінші кезеңіне ауру қаупі жоғары адамдар өз еркімен қатысады.

Тестілік вакцинаны Майнц қаласындағы BioNTech компаниясы жасаған.

«Біз Германияда клиникаға дейінгі зерттеулердің аяқталғанына қуаныштымыз және көп ұзамай адамдарға алғашқы сынама жасауды бастаймыз. Бағдарламаның басынан бастап сынақ басталғанға дейінгі өту жылдамдығы осы маңызды процестің барлық қатысушылары жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді», - деп мәлімдеді BioNTech Бас директоры және тең құрылтайшысы Угур Сахин.