​Германияда ковидті анықтайтын тест тегін болады

0
791

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.


​Германияда ковидті анықтайтын тест тегін болады

ERNUR.KZ. Германияда коронавирус жұқтыру бойынша рекорд орнады, деп жазады 24.kz

Бір тәулікте 50 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталған. Енді елде вирустың бар-жоғын анықтайтын тест тегін болады.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Йенс Шпанның айтуынша, эпидахуалдың нашар болуына байланысты азаматтар арасында тестілеуді көбейту қажет. Ол үшін ел үкіметі тестілеу орталықтарын қаржыландыру туралы шешім қабылдаған.