Германияның солтүстігін топан су басты

0
1 471

Синоптиктердің болжамы бойынша «Зеетье» циклоны енді шығысқа - Белоруссия жаққа қарай бет алады.


Германияның солтүстігін топан су басты

иллюстрациялық сурет ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Германияның солтүстік аймағы «Зеетье» циклонының құрсауында қалды, деп жазады 24.kz.

Салдарынан Балтық теңізі жағалауындағы Висмар қаласын су басты. Бір сағаттың ішінде теңіз деңгейі көтеріліп, қала көшелерін алып кеткен судың биіктігі 180 сантиметрге жетті. Мұндайды күтпеген төтенше жағдайлар қызметі дер кезінде әрекет ете алмады. Үйлердің жертөлесін су алып, тіпті бірінші қабаттағы пәтерлерге дейін көтерілген.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, пароммен қатынас уақтша тоқтатылды. Синоптиктердің болжамы бойынша «Зеетье» циклоны енді шығысқа - Белоруссия жаққа қарай бет алады.

Синхрон Волкер Эухус, Висмар қаласының тұрғыны: Бұндайды алғаш көруім. Су тез көтеріліп, бір сағаттың ішінде бәрін алып кетті. Көріп отырғандарыңыздай, есік-тесіктің бәрін құм салынған қаптармен бітеуге тура келді. Енді бұдан әрі көтерілмейді деп үміттенемін.