Ғалымдар 2019 жылы Жерді салқындату экспериментін іске қосады

0
1 204

Кейбір ғалымдар бұл зерттеудің кері әсері бар деп есептейді


Ғалымдар 2019 жылы Жерді салқындату экспериментін іске қосады

ERNUR.KZ. Гарвард ғалымдары 2019 жылы Жерді салқындатуға бағытталған экспериментті іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан бұрын зерттеу деректері компьютердің көмегімен модельдеудің арқасында жүргізілген еді, деп жазады ҚазАқпарат.

Эксперимент кальций карбонатының аэрозольдық баллонын шығаратын арнайы зондтың көмегімен стратосферада өтеді. Зерттеудің мақсаты - күн сәулелерін көрсететін бөлшектерді көру мүмкіндігі мен ғаламшардың бетін салқындатуға ықпал ете алатынын тексеру. Naked Science жазуынша, кейбір ғалымдар зерттеудің кері әсері бар деп есептейді. Мысалы, озон қабатына, ауа райына немесе егінге салдары тиюі мүмкін.