Ғалымдар алғаш рет адам бауырын ГМА көмегімен зертханада өсірді

0
957

Бұл әдісті циррозға әкелетін бауырдың алкоголь емес май ауруын емдеу кезінде қолдануға болады.


Ғалымдар алғаш рет адам бауырын ГМА көмегімен зертханада өсірді

ERNUR.KZ. Америкалық ғалымдар тарихта алғаш рет гендік-модификацияланған жасушалар негізінде адам бауырының шағын моделін өсірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Питтсбург университетінің мамандары жұмыс барысында толық жетілген қан тамырлары бар мүшені өсіріп шыға алды.

Шағын бауырда адам бауыры сияқты мата қабаты бар. Ғалымдар өз тәжірибелерінде генетикалық түрлендірілген жасушаларды қолданғанын атап өтті.

Гендік модификацияланған бауырды құру процесі кезең-кезеңмен өткен. Мамандар алдымен адам терісінің жасушаларын алып, оларды модификациялап, нәтижесінде діңгек жасушаларын алған.

Содан кейін зертханалық егеуқұйрықтардың бауырынан жасуша алып ағзаның қабығын ғана қалдырған. Кейін олар діңгек жасушаларды жануарлардың бауырына орнатқан.

Бауыр толыққанды өсіп, дамуы үшін арнайы ортаға орналастырылды, онда кеміргіштердің ағзасында тіндер мен қан тамырлары қалыптаса бастады.

Бұл әдісті трансплантация жасау үшін ағза қалыптастыруда, сондай-ақ, циррозға әкелетін бауырдың алкоголь емес май ауруын емдеу кезінде қолдануға болады. Жасанды бауыр ғалымдарға бүгінгі таңда белгілі дәрі-дәрмектердің қайсысы тиімді емес екенін анықтауға көмектеседі.