Ғалымдар биылғы ауа райына болжам жасады

0
723

2020 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін.


Ғалымдар биылғы ауа райына болжам жасады

ERNUR.KZ. Ресей ғалымдары 2020 жылы ауа райы өте ыстық болатынын болжады, деп жазады Tengrinews.kz.

Осыған дейін АҚШ-тың мұхиттар мен атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының (NOAA) ғалымдары 75 пайыз болжаммен 2020 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін хабарлаған.
Сондай-ақ, олардың айтуынша, 99,9 пайыз болжаммен биыл рекордтық жылу көрсеткіш бойынша бестікке кіруі ықтимал.
Енді бұл болжамға қатысты Ресей гидрометорталығының ғылыми меңгерушісі Роман Вильфанд мәлімдеме жасады.
"Климатологтар әрбір бес жыл сайын ауа райы рекордтық көрсеткіш көрсететінін айтып, сендіріп отыр. Орташа температура жоғарылай береді. Бес жыл қатарынан ауа температурасы көтеріліп келеді. Бұл ғаламдық жылынуға тән процесс. Бұл атмосферада парник газдарының тұрақты өсуімен байланысты. Биыл ауа райы рекордтық деңгейде өте ыстық болмаса да, 99 пайыз болжаммен биылғы жаз ең ыстық болып, ең ыстық деген бестікке кіруі ықтимал", - дейді ғалым.