Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті

0
678

​Гамалея орталығы тұмау мен коронавирусқа қарсы вакцина жасау жоспарын жариялады. Алайда, вакцинаның нақты қашан пайда болатыны қазірше белгісіз.


Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті

ERNUR.KZ. Коронавирустық вакцинасы клиникалық сынақтан өткен Гамалея орталығы тұмау мен коронавирустық инфекциялардан бір уақытта қорғайтын аралас вакцина жасауды жоспарлап отыр. Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады sputniknews.kz.

"Біз коронавируспен қатар, тұмаудан да қорғайтын аралас вакцина жасауды жоспарлап отырмыз", – деді орталық директоры.

Сонымен бірге Гинцбург қолданыстағы ережеге сәйкес жаңа вакцинаға да клиникалық сынақтар қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол мұндай вакцинаның нақты қашан пайда болатынын айтуға әлі ерте дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей денсаулық сақтау министрлігі Гамалеяның электрохимиялық мониторинг ғылыми-зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп шығарған COVID-19 алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген.

Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қазірдің өзінде 20-дан астам елден коронавирусқа қарсы вакцинаның миллиард дозасын сатып алуға өтінім түскенін хабарлады. Сонымен бірге, ол Ресейдің бес елде вакциналар өндірісі туралы келіскенін, қолда бар қуаттылықтар жылына 500 миллион доза өндіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.