Ғалымдар коронавирустан емдейтін гүл тапты

0
505

Ғалымдар тимохинон заты коронавирустың S ақуызымен байланысып, өкпе инфекциясының дамуына жол бермейтінін анықтаған.


Ғалымдар коронавирустан емдейтін гүл тапты

ERNUR.KZ. Ғалымдар Nigella sativa (қара зере) гүлінде пайдалы заттар барын анықтады, деп жазады Stan.kz.

Өсімдік Солтүстік Африка мен Батыс Азияда өседі.

Қара зере (Чернушка посевная) өсімдігіндегі тимохинон заты коронавирустың S ақуызымен байланысып, өкпе инфекциясының дамуына жол бермейді. Сондай-ақ, ол ауыр науқастарда пайда болатын цитокиндік ауырсынуларды бұғаттай алады.

Тимохинон сонымен қатар гипертонияны, жоғары холестеринді және қант диабетін емдеуге көмектеседі.

Сонымен қатар, қабынуға қарсы әрекет ететін бұл өсімдік аллергиялық ринит және синусит, экзема және остеоартритпен ауыратын науқастарға көмектеседі.

Австралиялық ғалымдар кейбір халықтар ғасырлар бойы Nigella sativa тұқымын әртүрлі ауруларды, соның ішінде қабыну мен инфекцияны емдеудің дәстүрлі құралы ретінде қолданғанын анықтады.