Ғалымдар коронавирустың экологияға оң әсер еткенін анықтады

0
871

Уханьдағы экологиялық жағдай біраз жақсарған.


Ғалымдар коронавирустың экологияға оң әсер еткенін анықтады

ERNUR.KZ. NASA мамандары коронавирус эпидемиясының экологияға тигізген оң әсерін анықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

2019 жылы Уханьда пайда болған коронавирустың салдарынан Қытай билігі қаланы жауып, кәсіпорындар мен транспорттық қозғалысты тоқтатқан еді.
NASA мамандарының сөзінше, бұл өзгерістер ел экономикасына айтарлықтай шығын әкелгенімен, Уханьдағы экологиялық жағдай біраз жақсарған.
"Біз тек бір фактордың арқасында осыншалықты үлкен аймақта ластайтын заттардың атмосфераға шығарылуының айтарлықтай төмендегенін алғаш рет бақылап отырмыз", - деді NASA.
Агенттіктің хабарлауынша, бастапқыда бұл тек Уханьда ғана байқалған, алайда қазіргі уақытта Қытайдың басқа да аудандарындағы экологиялық жағдай жақсара түскен.
Зерттеушілердің айтуынша, экономика нашарлаған сәтте әлемдегі экологиялық жағдайдың жақсаруы - алғаш рет тіркеліп отырған жоқ.
Мұндай процесстер 2008 жылы жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде де байқалды. Алайда мамандардың сөзінше, ол кезде атмосфераға қалдықтардың шығуы біртіндеп төмендеген.
Еске сала кетсек, қауіпті инфекцияны Қытай аумағынан тыс елдерде 7 мыңнан астам адам жұқтырған. Бүгінде вирус 58 елге таралып, 104 адамның өмірі қиды.