Ғалымдар коронавирустың қандай температурада толық жойылатынын анықтады

0
1 094

Ғалымдар вирустың 15 минутта жойылатынына көз жеткізді.


Ғалымдар коронавирустың қандай температурада толық жойылатынын анықтады

ERNUR.KZ. Прованс университетінің француз ғалымдары коронавирустың 92 градус температурада 15 минут ішінде жойылатынын анықтады, деп хабарлайды Хабар24.

Зерттеу нәтижелері bioRXV порталында жарияланды.

Тәжірибе барысында зерттеушілер алдымен коронавирусты 1 сағат бойы 60 градусқа дейін қыздырды. Дегенмен 60 градус температурада коронавирустың әлі де көбеюге қабілетті екенін анықтады. Ал температураны 92 градусқа көтеру арқылы зерттеушілер вирустың 15 минутта жойылатынына көз жеткізді.

Негізінен 60 градусқа дейін қыздыру вирусты залалсыздандыру хаттамасының стандартты процедурасы болып табылады.

Зерттеудің вируспен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге жұқтыру қаупін болдырмауға көмектесе алатыны айтылған.