Ғалымдар жасарудың жолын тапты

0
2 648

Зерттеушілер осы жаңалық арқылы елеулі жарақаттар мен бірқатар ауруларды емдеп жазамыз деп сендіреді.


Ғалымдар жасарудың жолын тапты

Зерттеушілер осы жаңалық арқылы елеулі жарақаттар мен бірқатар ауруларды емдеп жазамыз деп сендіреді.

Сан-Францисконың Калифорния университеті ғалымдары жылдар бойы «жасарудың фонтанын» іздеп келеді. Адамзат ағзасын жас қалпында ұстау және сақтауды талмай ұрандап, өздерінің бұл жаңалыққа жетудің қадамында тұрғанын тілшілерге берген әрбір сұқбаттарында айтып келеді, - деп жазады ERNUR.KZ Lіfe.ru сайтына сілтеме жасап.

Міне, аталмыш университет ғалымдары жер шарынан сүйінші сұрауда.

Өлшеусіз еңбек өз нәтижесін берді десек те болады. Олар жас төлдің қанын егеуқұйрықтарға құюды қолға алып, жеңіске қол жеткізді. Тәжірибе барысында егеуқұйрық «жасартқыш сұйықтыққа» жылдам бейімделіп, бойынан өзгеріс байқалған.

«Фермент ТЕТ2» деп аталатын сұйықтық бірнеше рет құйылғаннан кейін ми жасушаларын жасартып, жұмыс жасау процесін арттырған көрінеді. Жаңа тәсілді ғалымдар енді адамдарға да байқап көрмек. Тәжірибе сәтімен жүзеге асса, адамның ми жасушалары жасарып қана қоймайды, сонымен бірге ауыр дерттер емделіп, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккенде жарақаты тез айығады екен.

Lіfe.ru