Ғалымдар жер қойнауынан 1 млрд тонна алмаз тапты

0
943

Ғалымдар жердің беткі қабатын инфрадыбысты толқынмен сәулелендіру әдісі арқылы алмазды тапқан.


Ғалымдар жер қойнауынан 1 млрд тонна алмаз тапты

ERNUR.KZ. Массачусетс технологиялық институтының (MIT) ғалымдары соңғы зерттеулерінде үлкен олжаға кенеліп, Жер қойнауында 1 миллиард тонна алмазды тапқан, деп жазады baq.kz.

Зерттеу жұмыстарының бастапқы мақсаты литосфераның түзілу моделін құрастыру болған.

Ғалымдар жердің беткі қабатын инфрадыбысты толқынмен сәулелендіру әдісі арқылы алмазды тапқан. Толқынның ұзақтығы температура мен заттың қалыңдығына қарай өзгеріп отырған.

Алмаздың мол қоры жер астында 200 шақырым тереңдікте орналасқан. Сондықтан ол қазір адамдарға қолжетімсіз болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, жер астындағы ондай тереңдіктті бұрғылайтын технология қазір жоқ көрінеді.

«Соңғы зерттеулер геологиялық көлемде алмаздың Жерде көп тараған материал екенін көрсетті. Өкінішке қарай, қазір алмазға жету мүмкін болмай тұр», - дейді Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Ульрих Фаул.