Ғалымдар жұмыртқаның қабығынан сүйек тінін өсіру әдісін ойлап тапты

0
1 546

Бұл технологияны болашақта тіс өсіру үшін де пайдалануға болады.


Ғалымдар жұмыртқаның қабығынан сүйек тінін өсіру әдісін ойлап тапты

ERNUR.KZ. Массачусетс университетінің зерттеуші ғалымдары таңғажайып жаңалық ашты. Олар қарапайым жұмыртқаның қабығынан сүйек тінін өсіріп шығаруды үйренді, деп жазады Алтайньюс.

Ғалымдардың айтуынша, бұл технологияны болашақта тіс өсіру үшін де пайдалануға болады.

Әзірге зерттеулер егеуқұйрықтарға ғана жасалып, сынақтан өткізілуде. Дегенмен, көрсеткен нәтиже таң қалдырады екен: жұмыртқаның үгітілген қабығы мен гельден жасалған қоспа кемірушілердің сүйек жасушаларының қарқынды өсуіне әсер етті.

Мұндай емдеу әдісі сүйек ауруларына шалдыққан адамдарға зор көмегін тигізеді деген сенімде. Сондай-ақ, бұл әдіс трансплантологияда зақымданған сүйекті қалпына келтіру үшін де қолданылуы да мүмкін.