"Гитлер Оңтүстік Америкаға қашып кетті" делінген U-3523 неміс суасты кемесі табылды

0
3 678

Субмарина бортында 58 адам болғаны белгілі. 123 метр тереңдіктегі кемені су бетіне шығару әзірге мүмкін болмай тұр, деп жазады Daily Star.


фото: Daily Star

Дания жағалауындағы Скаген қалашығы маңынан "Гитлер бастаған нацистік Германияның бір топ басшылығын Оңтүстік Америка жағалауына жеткізіп салған" деген U-3523 неміс суасты кемесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Daily Star-ға сілтеме жасап.

Субмарина бортында 58 адам болғаны белгілі. 123 метр тереңдіктегі кемені су бетіне шығару әзірге мүмкін болмай тұр, деп жазады Daily Star.

Гитлердің қашып кеткені жайлы қауесеттің қарқынды тарауына бірнеше күәгердің американдық барлау қызметінің құлағына жеткен сөзі себеп болған еді. Олар нацистер жетекшісін Колумбия мен Аргентинада 1940 жылдардың соңында көргенін айтқан.

Алайда, Даниядағы Теңіздегі соғыс мұражайы қызметкерлерінің сөзінше, U-3523 суасты кемесінің қашқын нацистерді тасымалдағанын растайтын ешқандай дәлел жоқ.

Тарихшылар Скаген маңынан табылған субмарина британдық бомбылаушы B-24 Liberator ұшағының 6 мамыр 1945 жылғы шабуылы кезінде батып кеткен, деген жорамал айтып келді. Енді зерттеушілерге мұның шындығына көз жеткізуге мүмкіндік туды.