Голливуд жұлдызы өмірден озды

0
1 157

Қазаға инфаркт себеп болды.


Голливуд жұлдызы өмірден озды

ERNUR.KZ. Актер Берт Рейнольдс Флорида ауруханасында 83 жасында қайтыс болды, деп жазады sputniknews.kz.

Қазаға инфаркт себеп болды. Рейнольдс 2010 жылы жүрегіне ота жасатқан.

Рейнолдс 1970 жылдары Голливудтың жетекші жұлдыздарының қатарында болды, оған 1972 жылы түсірілген Джон Бурманның "Құтқару" фильмі танымалдылық әкелді.

1973 жылдан 1983 жылға дейін ол Американың ең танымал актері атағы үшін Роберт Редфордпен таласқа түсті. "Полиция және бандит", "Зеңбірек ядросы" комедиялық боевиктері арқылы көрерменге кеңінен танылды.

1992 және 1998 жылдары "Алтын Глобус" сыйлығына ие болды, ал 1991 жылы "Эмми" сыйлығын алды. 1997 жылы " Boogie Nights" фильміндегі екінші жоспардағы рөлі үшін "Оскар" жүлдесін иеленді.

Соңғы рет келесі жылы жарық көретін Квентин Тарантиноның "Бір күні Голливудта" фильміне түсті. Фильмде онымен бірге Леонардо Ди Каприо, Брэд Питт және Марго Робби ойнады.