Гонконг халқы құрлықтық Қытаймен шекараны жабуды талап етті

0
664

Соңғы мәлімет бойынша Гонконгте коронавирусты 15 адам жұқтырған.


Гонконг халқы құрлықтық Қытаймен шекараны жабуды талап етті

ERNUR.KZ. Гонконгте медициналық қызметкерлер ереуілге шықты. Олар коронавирустың өршуіне байланысты құрлықтық Қытаймен арадағы шекараны толық жауып тастауды талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық шарасы қатысушыларының айтуынша, олар науқастарды қабылдап үлгермей қалуы мүмкін.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, билік талапқа құлақ аспаса, ертең тағы ереуіл өткізіп, оған 6 мыңға дейін адамды тартамыз. Жалпы соңғы мәлімет бойынша Гонконгте коронавирусты 15 адам жұқтырған. Эпидемиялогиялық қауіп кесірінен мұнда туристік, мәдени және спорттық нысандар жабық тұр. Адам көп жиылатын шараларды өткізуге тыйым салынған. Мектептегі демалыс наурызға дейін ұзартылды. Өткен аптада мұнда құрлықтық Қытаймен арадағы темір жол және су қатынасы тоқтатылған. Әуе сапарларының саны да екі есе қысқарды.

- Иә, шекараны шегендеу керек. Коронавирусты жұқтырған адамдар Гонконгқа емін-еркін келе беретін болса, дәрігерлердің еңбегі зая кетеді ғой. Онда біздің не керегіміз бар?

- Мен ереуілге қатыса алмадым. Өйткені ауруханада болуым керек. Алайда наразылық шарасының қатысушыларын толықтай қолдаймын, - дейді тұрғындар.