Грек ғалымы пандемия 20 ақпанда аяқталатынына сенімді

0
689

Коронавирустың дамуының математикалық моделіне cүйене отырып, осындай тұжырымға келгенін айтты.


Грек ғалымы пандемия 20 ақпанда аяқталатынына сенімді

ERNUR.KZ. "Омикрон" штаммы түріндегі инфекция толқыны 20 ақпанда басылады және бұл коронавирустың соңғы мутациясы болуы мүмкін. Бұл туралы Аристотель университетінің профессоры Демостен Сарияннис мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Newsbeast-қа берген сұхбатында сарапшы коронавирустың дамуының математикалық моделіне cүйене отырып, осындай тұжырымға келгенін айтты.

Оның айтуынша, "омикрон" штаммының шыңы қаңтардың 20-сы мен 22-сі аралығында тіркеледі, содан кейін төмендеу басталады. Бұл ретте бір аптада тіркелген аурулардың орташа деңгейі 66 мың жағдайға жетеді. Сарияннистің айтуынша, пандемия 20 ақпанға дейін аяқталуы мүмкін.

Ғалым штаммның қауіпті екенін елемеуге болмайтынын ескертті. Оның пікірінше, созылмалы ауруы бар адамдар немесе қарттар оны екі немесе тіпті үш рет жұқтыруы мүмкін.

Коронавирусқа байланысты пандемияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жариялады. 2019 жылдың қазан айында ауру алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Коронавирус бірқатар елдерде ұлттық локдаун жариялауға себеп болды, 2021 жылдың желтоқсанында Канадада хоккейден жастар чемпионаты Сovid-19-ға байланысты өтпей қалды.